• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2014

Міндеттемелер орындалуымен бағалы

259 рет
көрсетілді

Женевада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ Адам құқығы жөніндегі кеңестің 25-ші сессиясының ашылуына қатысты. Халықаралық ұйымдар мен БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері басшыларының қатысуымен өткен шараны БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун ашты. БҰҰ Адам құқығы жөніндегі кеңес сессиясына қатысушылар алдында сөз сөйлеген Е.Ашықбаев Қазақстанның 2013-2015 жылдарға Кеңес мүшелігі аясында оның алдына қойған басымдықтары мен міндеттері туралы айтып өтті. Қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасы адам құқығын қорғау жөніндегі орган­дардың халықаралық жүйе­сінің жаһандық архитектурасын нығайтуды қолдайтынына тоқ­талды. Қазіргі уақытта әлемдік өлшемде де, өңірлік өлшемде де оқиғалар мен құбылыстарды сынай талдаудың қажеттілігі туып отыр. Қазақстандық делегация басшысы БҰҰ Адам құқығы жөніндегі кеңес жұмысының оған мүше мемлекеттердің Кеңес қызметіне сенімін нығайту және тең құқылы үнқатысудың одан әрі даму саласындағы стратегиялық басымдықтарының маңыздылығын атап өтті. Е.Ашықбаев атап көрсеткендей, 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұ­рақ­ты емес мүшелігіне Қазақ­стан Республикасын ұсыну қазақ­стандық тараптың өзіне жүктелген халықаралық міндеттерді орындап келе жатқандығын көрсетеді. Е.Ашықбаевтың БҰҰ Жоғар­ғы Комиссарының босқын­дар ісі жөніндегі орынбасары А.Алей­нокоффпен, Женевадағы БҰҰ Басқарма офисінің гуманитарлық мәселелерді үйлестіру бойынша директоры Р.Халиковпен және Ұлы­британияның Мемлекеттік сыртқы істер министрі Х.Суайермен екі­жақты кездесулері өтті. «Егемен-ақпарат».