• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2014

Еліміз күш-жігерінің өзектілігі аталды

311 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қ.Сарыбай Венада БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Венадағы бөлімшесінің Бас директоры, БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының атқарушы директоры Ю.Федотовқа Сенім грамотасын тапсырды. Сұхбат барысында Ю.Федотов есірткі, сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмыспен күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасымен (БҰҰ ЕҚБ) ынтымақтастығына жоғары баға беріп, Қазақстанның ауған есірткілерімен күреске бағытталған күш-жігерінің өзектілігін атап өтті. Тараптар ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы жөнінде пікір алмасып, Ауғанстанда заңсыз есірткі өндірісінен төнетін қауіптер тұрғысынан Орталық Азия аймағының қауіпсіздігін күшейтуге Қазақстанның қаты­суын, 2011-2014 жылдары Ау­ған­стан мен көрші елдерге арналған аймақтық бағдарламаның іске асуын, Алматыдағы Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығының жұмысын және БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының іске асуына шолу жасау тетігіндегі Қазақстанның рөлін талқылады. Сондай-ақ, Қ.Сарыбай Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Бас директоры Ю.Аманоға да Сенім грамотасын тапсырды. МАГАТЭ басшысы ядролық таратпау мен қарусызданудың жаһандық үдерісіндегі Қазақстанның рөлін жоғары бағалады. Уран өндірісі бойынша Қазақстан әлемдегі жетекші орынға ие. Қазақстанмен ынтымақтастық МАГАТЭ үшін ерекше маңызды, ал қазіргі уақытта бірқатар жобалар, соның ішінде, ядролық энергетика, ядролық қауіп­сіздік, онкологиялық аурулар­ды емдеу, радиологиялық мониторинг, кадр даярлау, қолданбалы ядролық технологияларды дамыту және т.б. бойынша екіжақты өзара іс-әрекеттің жандана түсуі байқалуда. Қ.Сарыбай Қазақстан МА­ГА­ТЭ-мен ынтымақтастығын одан әрі кеңейтуге және нығайтуға ниет­ті екенін білдірді. Кездесу бары­сында өзара қызығушылыққа ие бол­ған кең мәселелер шеңбері бой­ынша пікір алмасу жүрді. «Егемен-ақпарат».