• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 10 Қаңтар, 2022

Зейнетақы мен жәрдемақы штаттық режімде беріледі

357 рет
көрсетілді

«Қазпошта» АҚ 2022 жылдың 10 қаңтарында пошта бөлімшелері интернет-байланысы жұмыс істеген сағаттарында зейнетақы мен жәрдемақы беруді штаттық режімде іске асыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараз, Алматы 9-дан 15:00-ге дейін, Талдықорған 10:00-ден 15:00-ге дейін, ҚР бойынша қалған бөлімшелер зейнетақы мен жәрдемақыны штаттық режімде беретін болады. «Банкоматтарды қолма-қол ақшамен толтыру бойынша жұмыстар басталған. Осы орайда Қазпошта клиенттері 10.01.2022ж. бастап ақшаны бөлімшелерде, сондай-ақ банкоматтардан шеше алады. Сонымен қатар, «Қазпоштаның» «Оңтүстік» Ақпараттық-логистикалық орталығының Қазақстан бойынша магистралдық маршруттарды іске қосып жатқанына байланысты компания 10 қаңтардан бастап пошта жөнелтілімдерін қабылдау мен өңдеуді қайта бастайды», деп жазылған ресми хабарламада.