• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қаңтар, 2022

«Аэрофлот» әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді қайта бастады

351 рет
көрсетілді

10 қаңтардан бастап «Аэрофлот» әуе компаниясы Нұр-Сұлтанға рейстерді қайта бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аэрофлот» әуе компаниясының Мәскеуден Нұр-Сұлтан қаласына алғашқы рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:35-те келді. Нұр-Сұлтан-Мәскеу бағыты бойынша рейсті жергілікті уақыт бойынша сағат 12:05-те орындау жоспарлануда.

«Аэрофлот» әуе компаниясының рейстеріне билеттерді әуе компанияның сайтынан сатып алуға болады.

Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады.