Қазгидромет синоптиктері 10, 11, 12 қаңтарда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазгидрометтің хабарлауынша, антициклон еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарына әсер етіп, -20 -25, кей жерлерде 30 градусқа дейін аяз болады.
«12 қаңтарда Солтүстік және Оңтүстік циклондар өздерімен бірге қар, боран, суық ауа температурасын әкеледі. Алайда 13 қаңтарда солтүстік-батыс антициклон тылға ауысып, салдарынан солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында 30 градусқа дейін аяз болады», делінген хабарламада.
Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде циклон әсерінен жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп жылуы күтіледі.