• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2014

Сенім мен тиімділік ынтымақтастығы

289 рет
көрсетілді

Кеше Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесі үйлестіру қызметінің төрағасы, генерал-полковник Александр Маниловпен кездесті. Шекара басшысы осындай кездесулердің ТМД шеңберіндегі шекаралық ведомстволардың өзара қарым-қатынасына жоғары ықпал ететіндігін атап өтті және шекаралық ынтымақтастықтың барысы туралы үйлестіру кеңесінің өкілдеріне әңгімелеп берді. – Қазіргі уақытта біз ҚР ҰҚК Шекара қызметін сапалылық параметрлері бойынша дамытуды жалғастырудамыз, – деп атап өтті генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов, – Мемлекет басшысы алға қойған тапсырмаларды жүзеге асырудамыз, әрине, әріптестердің көмегінсіз, алдыңғы қатарлы тәжірибелерді зерттемей оларды атқару мүмкін емес. Тараптар алда келе жатқан Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің үйлестіру қызметінің 71-мәжілісін (маусым айында Кишиневте өткізу жоспарлануда) және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Орталық Азия аймағы шекара ведомстволарының басшыларының 4-аймақтық кеңесінің (маусымда Мәскеуде өткізу жоспарлануда) мәселелерін талқылады.  ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Орталық Азия аймағы шекарасынан тыс жерде болып жатқан жағдайлар бойынша сындарлы пікір алмасылды, сондай-ақ оның «Фактор 2014» деген шартты атауы бойынша даму жолдары талданды. Аталған кездесу Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесі үйлестіру қызметінің жұмыс жоспарына сәйкес өткізіл­­­ді, кездесу соңында тараптар бірлесе жұмыс істеу сенім­ділік пен өзара тиімділікті арттыра беретіндігіне негіз қалай­тын­ды­ғын атап өтті, деп хабарлады ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.