Таңертеңнен бастап Ресей астанасының тұрғындары мен қонақтары, осында тұратын қазақстандықтар, қазақ диаспорасының өкілдері Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігі ғимаратының алдына гүл шоқтарын қоюда, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Олар қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендерге қолдау білдіріп, сауығып кетуін тілейді», деп жазылған Мәскеудегі Қазақстан елшілігі таратқан хабарламада.
Еске сала кетейік, еліміздің бірқатар өңірлерінде орын алған қайғылы оқиғалардың салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты, 10 қаңтар Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.