Қызылорда облысында Ұлттық ұлан сарбазын өлтірді деген күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Өңірдің ішкі істер органдарына 381 адам жеткізілген. Олардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін күн алыс емес. Оның ішінде 43 адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабын бұзғаны үшін 31 азамат жауапқа тартылды.
Арнайы жедел тергеу тобы құрылып, жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 38 адам, оның ішінде Ұлттық ұлан сарбазын өлтірді деген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі.