Тәртіпсіздіктерде қаза болғандардың отбасына көмек көрсету біздің қасиетті борышымыз. Бұл туралы Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Қазақстан Президенті айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қаза болған тәртіп сақшыларының, әскери қызметшілер мен қарапайым азаматтардың отбасына көмек көрсету біздің қасиетті борышымыз. Бұл мәселе менің жіті бақылауымда болады. Тұрғын үймен, оқумен және басқа да қажетті нәрсемен қамтамасыз етеміз», деді Мемлекет басшысы.