Астананың «Барысын» келесі кезеңге шығаруға жақын
Астананың «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сериясының үшінші матчын Екатеринбургте жергілікті «Автомобилист» ұжымымен қарсы өткізіп, қарсыласын қатарынан үшінші рет тізе бүктірді. Елорда жасағы, сонымен бірге, осы кезеңдегі үш ойынында бірінші рет негізгі уақытта жеңіске жетті. Матч барынша тартысты өтті. Бұған мұның алдында Астанада өткен екі кездесуде ұтылып қалған алаң иелерінің қарымта қайтару үшін барын салғандары да айтарлықтай әсер етті. Ал Астанадағы екі ойынның тағдыры да овертаймда шешілген болатын. Осының өзі екі жақтың бір-бірлеріне тең қарсылас бола алғандарын көрсетсе керек. Кездесудің есебін алаң иелері 7-минутта ашты. Оны форвард Артём Чернов түсірді. Ал ойынның екінші кезеңінде, 23-минутта қонақтар таразы басын теңестірді. Бұл жолғы шайбаны астаналық Константин Романов өз есебіне жазды. Бұдан кейін матч біздің жігіттердің біршама басымдығымен өрбіді. Олар мұны ойын бітуге 4 минут қалғанда голға айналдыра білді. Сөйтіп, шабуылшы Константин Руденко соққан соңғы шайбаның арқасында «Барыс» үшінші жеңісіне қол жеткізді. Енді Астана хоккейшілеріне бір рет жеңіске жетсе жетіп жатыр, олар ширек финалға шығады. Руслан ИГІЛІК.
•
13 Наурыз, 2014
Қатарынан үш жеңіс
268 рет
көрсетілді