Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Байқоңыр қаласының 49 жастағы тұрғынының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚКД қалалық басқармасы, ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бірлескен жедел іздестіру шарасы нәтижесінде құқық бұзушы тез арада анықталды.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабының 1-бөлігі бойынша (Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер) әкімшілік хаттама іс-құжаттары рәсімделіп, процессуалдық шешім қабылдау үшін Байқоңыр қалалық сотына жолданды. Байқоңыр қалалық сотының қаулысына сәйкес оны 30 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.