• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Президент 11 Қаңтар, 2022

Президент Қытаймен шекарадағы олқылықтарды жоюды тапсырды

305 рет
көрсетілді

Ел Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев Қытаймен кедендік шекарада орын алған олқылықтарды жоюды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бюджет кірісін арттырудың маңызды әлеуеті кеденде тәртіп орнатумен байланысты. Әсіресе Қытаймен шекарадағы мәселе маңызды. Онда орын алған былық бәріне аян. Көліктер тексерілмейді, салық төленбейді. Статистикада Қытайдың кеден органдарымен алшақтық миллиардтаған долларға жетеді. Еліміз салық түрінде ондаған миллиард теңге жоғалтып жатыр. Олай болмайды», деді Мемлекет басшысы Мәжіліс отырысында.

Президент Бас прокуратураға Қаржы министрлігімен, Қаржы мониторингі агенттігімен және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, кедендік шекарада тәртіп орнатуды шегелеп тапсырды.