Алматыдағы Медеу ауданының полицейлері тонаумен айналысқан Маңғыстау облысының бес тумасын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Tengrinews.kz таратқан деректерге сенсек, Маңғыстау облысының бес азаматынен түрлі сауда үйлерінен ұрланған заттай айғақтар тәркіленген.
Ұсталғандар тәркіленген заттарды ұрлағанын мойындаған. Сондай-ақ олардан әскери қызметшілерге тиесілі шу гранаталары, бас киімдер, сауыттар мен қалқандар тәркіленген.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық іс сотқа жолданбақ.