Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open жарысының жеңімпазы Эмма Радукануды жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
Әлемнің 13-ші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина WTA 500 Sydney Tennis Classic жарысын сәтті бастады. Қазақстандық теннисші әлемдік US Open додасының жеңімпазы Эмма Радуакануды 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.
55 минуттық ойын кезінде Елена төрт эйс пен бес брейк жасады.
Сиднейдегі турнирдің екінші айналымында Рыбакина француз теннисшісі Каролин Гарсиямен ойнайды.