• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қаңтар, 2022

Бейбітшілік пен тұрақтылық – еліміздің ең басты құндылығы

1287 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі біздің Қазақстан жаңа жылдың алғашқы күндерінде басынан кешкен күрделі оқиғалар мен қиын күндердің астарына шек қойды.

Шын мәнінде, бұл сөз қай­ғылы оқиғалар мен қауіп­тен аман қалған ұлттың саяси мани­фесіне айналды. Біз бар­л­ы­ғымыз Президенттің табан­дылығы арқа­сында экстремистік сөздер, тер­ро­рис­тік шабуылдар, жаппай тонау сәт­ті еңсерілгенін түсі­нуі­міз керек. Терро­ристік қауіп-қатерді және мем­лекет­ке қарсы іс-қимылдарды жою жөніндегі барлық шаралар бү­кіл­халықтық қолдауға ие бол­­ды, ұлтты Мемлекет бас­шы­сы­ның айналасына біріктірді.

Ел Президенті өз сөзін «Қасіретті қаңтар» сабағы: ретін­де белгілегені кездей­соқ емес: Қоғам тұтастығы – Тәуелсіздіктің кепілі». Қоғам осы қайғылы күндердің бәрін­де қазақстандықтарды алаң­датқан сұрақтарға толық жауап алды – неге және қалай болуы мүмкін?

Екінші жағынан, Мемлекет бас­шысының сөйлеген сөзі пре­зиденттік команданың осы қиын күндері «өртті сөндіріп» қа­на қоймай, алдағы уақытта осын­дай оқиғаларға жол бермеу жө­ніндегі бірінші кезектегі ша­ра­лар бойынша үйлесімді жұ­мыс істегенін, сондай-ақ ор­­та мер­зімді перспективаға ар­­­­нал­­­ған қажетті шаралардың па­­­йы­­­мын қа­лыптастырғанын көрсетті.

Бұл – құқық қорғау орган­дары­ның жұмысын толық реформалау, экономиканың сол сегменттерінде және халық­тың н­ара­зыл­ығын тудыр­ған оның жеке субъек­тілерінің жұ­­мы­сында тәртіп орнату мәселелері.

Президенттік бағдарлама ха­лықтың толық қолдауына ие болады және ел өміріндегі түбе­гейлі өзгерістер үшін негіз болады деп сеніммен айтуға болады.

Бірінші кезекте, бұл көп­этнос­ты халыққа қатысты, өйткені Қазақстан халқы Ас­самб­леясының мүшелері, эт­но­мәдени бірлестіктер, Қазақ­­станның түрлі этностары мем­лекетке қарсы және Конс­титуцияға қарсы зор­лық-зомбылық террористік акция­ларға қатысуға шақыруды үзілді-кесілді қабылдамады.

Қазір осы қиын күндерде Прези­дентпен, халықпен бірге болған Қазақ­стан халқы Ассамблеясы қайғылы оқиғалардың салдарын жоюға белсенді қатысуда. Зардап шеккен және халық­тың әлеуметтік қорғалмаған топ­тары үшін өңірлерде волонтерлік ак­циялар, қайырымдылық көмек­тер көрсетілуде. Барлық этно­мәдени бір­лестіктер мен этнос­тар еліміздің бір­лігі мен тұтас­тығына өз үлестерін қоса отырып, террористік акция­лар­дың, бандитизм мен тонау­дың жолын кесуге бағыт­тал­ған Президенттің ең ба­тыл ша­ра­ларын қолдап, қалып­ты өмір­ді қалпына келтір­уге бел­сенді қаты­сады. Бұл күн­дері бәрімізге бірлік, келі­сім, аза­­мат­тық бейбітшілік пен тұ­рақ­­тылық деген сөздер – абс­трак­тілі ұғымдар емес, күн­де­лікті өміріміздің ең үлкен құн­ды­лықтары екені түсінікті болды.

Дәл осы қасиеттер Прези­дент ұсын­ған барлық шараларды, бүкіл­халық­тық сенім, бейбітшілік пен бір­лікке ұмтылыстың жаңартылған ман­да­тына айналған шараларды іске асы­руға мүмкіндік беретініне сенімдімін.

 

Марат ӘЗІЛХАНОВ,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары