• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 12 Қаңтар, 2022

Қазақстанда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

807 рет
көрсетілді

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлауына байланысты карантин шаралары күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлағанын ескере отырып, ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына «қызыл» аймақтағы өңірлерде ұжымдарды бөлуге және инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған қосымша алдын алу шаралары қабылданады», деп мәлімдеді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша шараларды күшейтуді тапсырғаны хабарланды. Сондай-ақ, ол денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге ПТР-сынама санын арттыруды, жедел бақылау жүргізуді және медицина қызметкерлерінің дайындығын, ауруханадағы қосымша орындарды, дәрілер мен медициналық заттардың жеткілікті болуын қамтамасыз етуді тапсырды.