• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 12 Қаңтар, 2022

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

198 рет
көрсетілді

Қазгидромет синоптиктері 13, 14 және 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандар мәліметінше, биылғы қыс салыстырмалы түрде жылы.

«Синоптика процестері тез өзгеріп, бірде аяз, бірде жылы болып тұр. Қазірдің өзінде тағы бір антициклон, ел аумағынан шығып, аяз бәсеңдеді. Ал батыстан циклон тез қозғалып келеді. Ол еліміз арқылы жылжып, 15 қаңтарда Қазақстанның барлық облысын қамтиды», делінген хабарламада.

Метеорологтардың айтуынша, циклон әсерінен жаңбыр мен қар, жел және көктайғақ болады деп болжанған.

«Ал термометр бағандары тез көтеріледі, тіпті солтүстік аймақтарда күндізгі уақытта 0-5 градус аяз болады деп күтіледі», деді мамандар.