Алматы әуежайы 13 қаңтардан бастап жұмысын қайта бастайды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алматы халықаралық әуежайы 2022 жылғы 13 қаңтар, сағат 00:00-ден бастап өз қызметін қайта бастайды. Алматы қаласында коменданттық сағаттың енгізілуіне байланысты әуежай жұмысы 08:00-ден 21:00-ге дейін жүзеге асырылады. Ішкі және халықаралық рейстер орындалатын болады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында терминалға кіруге тек жолаушыларға ғана рұқсат етілген», делінген хабарламада.