Сәдуақас Байғабұлов Алматының бас санитар дәрігері міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл ақпаратты Сәдуақас Байғабұлов растады.
«5 қаңтардан бастап мен Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін уақытша атқарып жүрмін», деді ол.
Бұған дейін Жандарбек Бекшин зейнетке шығуына байланысты қызметінен кететінін айтқан болатынбыз.
Еске салайық, Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері қызметіне 2020 жылдың сәуір айында тағайындалды.