Неміс балықшысы Балтық теңізінен 100 жыл бұрын жазылған хаты бар шөлмек тапты. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Сыра шөлмегінің ішінде 1913 жылғы 17 мамырда жазылған ашық хат табылды. Оны Рихард Платц есімді Берлин тұрғыны жазған екен. Ол хатты тапқан адамға оны Германия астанасындағы үйіне жеткізуді аманат еткен.
Балықшының айтуы бойынша, ол басында торға түскен шөлмекті қайта теңізге лақтырып жібермек болған. Сол сәтте оның жанындағы әріптесі шөлмектің іші бос емес екенін айтқан.
Ашық хат Даниядан сатып алынған. Оның авторы бірінші дүниежүзілік соғыста қаза болған екен.Бұл хат шөлмекке салынып жолданғандардың ішіндегі ең ескісі болып отыр. Гиннестің рекордтар кітабына сүйенсек, бұған дейін шөлмек ішінен табылған хаттың ең көнесі 97 жыл бұрын жазылыпты. Ол 2012 жылы табылған болатын.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Lenta.ru
Фото: Novayagazeta-ug.ru.