• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 12 Қаңтар, 2022

Мектеп мұғалімі халықаралық өнер фестивалінің бас жүлдегері атанды

405 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысындағы Қарақия ауданында тұратын мұғалім халықаралық өнер фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Италия мемлекетінде онлайн форматта өткен халықаралық өнер фестивалінде «Жетіген» фольклорлық аспап номинациясы бойынша қарақиялық Жадыра Әменова бас жүлдені жеңіп алды. Ол Жетібай ауылындағы Өскінбай Қалманбетұлы атындағы балалар өнер мектебінің мұғалімі.   «ORFEO IN ITALIA» деп аталатын фольклорлық аспаптар бойынша өнер фестивалі 18-35 жас аралығындағы өнерпаздар арасында өткізілген.   Жадыра Әменованың айтуынша, өнер фестиваліне қатысқан отандастарымыз домбыра, қобыз аспаптары бойынша да жүлделі орындарға ие болған.