• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2014

Салық органы басшыларының былығы әшкереленді

239 рет
көрсетілді

Қаржы полициясы ұйымдасқан қылмыстық топқа көмек көрсетіп келген республика аймақтарындағы салық органдарының 18 қызметкерін анықтады. Бұл туралы Mail.ru хабарлады. 18 ақпанда Қаржы министрлігінің Салық комитеті тауарларды импорттау кезіндегі қосымша құн салығын әкімшілдендіру басқармасының бастығы Бұлғынов құқық қорғау қызметкерлерінің қолына түсіп, сот санкциясымен қамауға алынды. Бұлғынов 2009-2010 жылдар аралығында Қостанай облыстық салық департаментінің бастығы болған тұста қызмет бабын теріс пайдаланған. Нақты айтқанда, жалған кәсіпорындарға тексеру жүргізіп, олардың есеп-шоттарына заңсыз түрде артық төленген қосымша құн салығының түсуіне себепкер болған. Сондай-ақ, 2010-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық салық департаментінің бастығы болған Ж. Нүсіпов те қылмыстық топтың жалған кәсіпорындарын тексеруге қатысы болған екен. Мұнан өзге, белгілі бір қылмыс түрі бойынша Ақмола, Жамбыл және Қостанай облыстарындағы салық органдарының 16 қызметкері жауапқа тартылды. Еске сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері Артур Ким мен Фархад Қалиевті қамауға алды. Олар жалған кәсіпорындары арқылы өзге коммерциялық ұйымдардың салық төлеуден жалтаруына ықпал жасаған көрінеді. Соның салдарынан мемлекетке 2,3 млрд. теңгеден аса шығын келген. Жалпы, өткен жылы салық органдарының 49 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: Mail.ru. Фото: Mirvam.org.