• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қаңтар, 2022

ТЖ-дан зардап шеккендердің қарыздары бойынша төлемдерді шегеру тәртібі бекітілді

266 рет
көрсетілді

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы 2022 жылғы 10 қаңтардағы бұйрығымен төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларды қолдау шараларын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәртіп екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, МҚҰ-ға, сондай-ақ ломбардтарға және кредиттік серіктестіктерге қолданылады.

Атап өтілгендей, тәртіп 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге кредиттік ұйымдар берген банктік қарыздар мен микрокредиттерге қолданылады.

Осылайша, құжатқа сәйкес, кредиттік ұйымдар ТЖ кезінде оның қаржылық жағдайының нашарлауының немесе келтірілген залалдың объективті себептері болған кезде қарыз алушының банктік қарыз немесе микрокредит шарттары бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді тоқтата тұрады.

Кредиттік ұйым төтенше жағдайдың қарыз алушының қаржылық жағдайына және қызметіне әсерін бағалауды жеке тәртіппен жүргізеді деп көзделеді.

Кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап кредиттік ұйым қарыз алушының келісімі бойынша оның қаржылық жай-күйін бағалау нәтижелері бойынша айқындаған кезеңге беріледі.

Кредит бойынша төлемдердің мерзімін ұзарту үшін қарыз алушы қаржылық жағдайының нашарлауын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, мерзімін ұзарту себебін көрсете отырып, еркін нысанда өтініш жазуы қажет.

Аталған өтініш кредиттік ұйымға 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін берілуі мүмкін.

Кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру туралы өтініш кредиттік ұйымға электрондық пошта, «банк-клиент» онлайн-жүйесі, интернет-ресурс, мобильді қосымша, басқа да байланыс құралдары арқылы не қарыз алушының кредиттік ұйымның кеңсесіне жеке баруы арқылы беріледі.

Кредиттік ұйымдардың қарыз алушылардың өтініштерін қарау мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.

Несие бойынша төлемдерді кейінге қалдыру несие ұйымының қарыз алушымен келісімі бойынша банктік қарыз немесе микрокредит шарттарына немесе субсидиялау және кепілдік беру шарттарына қосымша келісімдерге қол қоймастан беріледі.

Бұл ретте кредит бойынша төлемдерді шарттармен кейінге қалдыру бұл жағдайда қарыз алушының кредиттік тарихын нашарлатуға және ол туралы кредиттік бюроларға теріс ақпарат беруге негіз болып табылмайтыны көрсетіледі.

Кредиттік ұйымдарға қарыз алушылардан өтінішті қарау және банктік қарыз, микрокредит немесе кепіл шарттарын, өзге де байланысты шарттарды өзгерту үшін комиссиялар мен өзге де төлемдерді алуға тыйым салынады.

Кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру кезеңінде кредиттік ұйым осы қарыз алушы бойынша талап-арыз жұмысын және қарыз алушыны мерзімі өткен берешекті өтеу қажеттігі туралы хабардар етуді тоқтатады.

ТЖ әрекет ету және кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру кезеңінде кредиттік ұйым:

қарыз алушының банктік қарыз немесе микрокредит шарттары бойынша тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) есептемейді және төлеуді талап етпейді; банктік қарыз немесе микрокредит шарттары бойынша негізгі борыш сомасына есептелген және мерзімі өткен сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) капиталдандыруды (жинақтауды) жүзеге асырмайды.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.