• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қаңтар, 2022

«Шымбұлақ» курорты жұмысын қайта бастайды

900 рет
көрсетілді

Ертеңнен бастап Алматы қаласындағы «Шымбұлақ» демалыс орны өз жұмысын қайта жалғастыра бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz тау-шаңғы курортының ресми сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті қонақтар, 13 қаңтардан бастап курорт жұмысын қайта бастайтынын хабарлаймыз. Барлық қызметтер қалыпты режимде жұмыс істейді. Түнгі сырғанау уақытша тоқтатылды», деп жазды «Шымбұлақ» әкімшілігі. 

Арқанды жолдардың жұмыс тәртібі:

«Медеу-Шымбұлақ» - 08:30-18:00 «Комби-1» көтергіші - 09:00-17:00 «Комби-2» көтергіші - 09:00-16:30