• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қаңтар, 2022

Студенттер азық-түлікпен қамтылды

253 рет
көрсетілді

Атырауда екі жоғары оқу орны бар. Соның бірі – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті. Мұнда еліміздің жас өрендерімен бірге, шетелде тұратын қандастарымыз да жоғары білім алады.

– Шетелдік студенттердің басым бөлігі – Ресей Федерация­сындағы Астрахань облысында тұратын қандастарымыз. Өз­ге елдерден келіп, ілім-білім алу­ға ұмтылған шетелдік студент­тер жергілікті жастармен бірге жатақхана тұрады. Жаппай тәртіпсіздіктен соң университет жатақханасында 21 студент қалған еді. Оның ішінде Өз­бек­станнан – 8, Қытайдан – 3, Ираннан – 1, Моңғолиядан 1 студент бар. Өзгелері – өз еліміздің азаматтары, – дейді университет ректоры Саламат Идрисов.

Ректордың айтуынша, жатақ­ханада қалған студенттерге күнде­лікті тұтынатын азық-түлік түрлері жеткізіліп берілген. Бұл студенттердің алаңсыз болуына мүмкіндік жасап отыр.

 

Атырау облысы