• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 13 Қаңтар, 2022

Қазақстанда коронавирустан 3 адам қайтыс болды

253 рет
көрсетілді

Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 3 адам қайтыс болды. 62 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайтыс болғандардың үшеуінде де ПТР талдауы оң нәтиже болған.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 11 қаңтарда дәрігерлер COVID-19 белгілері және ПТР-сынамасы (КВИ-) теріс пневмонияның 61 жағдайын тіркеді.   13 қаңтардағы жағдай бойынша 35 710 адам (33 936 КВИ+ және 1 774 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 3 888 науқас стационарда, 31 822 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

206 науқастың жағдайы ауыр,62 науқастың жағдайы өте ауыр,38 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.