• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қаңтар, 2022

Бас прокуратура қылмыстық дәлелдерді жинақтауда

444 рет
көрсетілді

Қазақстан прокурорлары халықтың көмегімен елімізде орын алған лаңкестікке қатысты қылмыстық дәлелдерді жинап, тіркей бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның Бас прокуратурасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, елде болған тәртіпсіздіктер бойынша медиаматериалдар жиналатын сайтты іске қосты.

«Бұл сайтта азаматтар жақында орын алған террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды анонимді түрде жүктей алады», деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.