Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы жақын уақытта қандай турнирлерге қатысатыны белгілі болды. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«1-18 ақпан аралығында ұлттық құрама боксшылары физикалық және арнайы дайындық бойынша оқу-жаттығу жиынына қатысады. Одан әрі қарай оғландарымыз Бішкек қаласында және Болгария елінде өтетін халықаралық турнирлерде бақ сынап, спорттық бабын тексеріп көретін болады», деді бас бапкер команданың алдағы жоспары туралы айтып.