Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов Палатаның Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар сенатор Сұлтанбек Мәкежановты өз өтініші негізінде Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі етіп сайлады.
Бұған дейін ол Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі болған.
«Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Сұлтанбек Алмасбекұлы Мәкежанов басқа комитетке ауысу туралы өтініш білдірді. Заңнамаға сәйкес, депутаттардың ондай құқығы бар», деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Депутаттар аталмыш мәселе туралы қаулыны қолдап дауыс берді.