• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Қаңтар, 2022

Кәрім Мәсімовпен бірге тағы кімдердің ұсталғаны айтылды

2393 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы Төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы Төрағасы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер дерегі бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет. Ерғожин ұсталды.

Тергеу жалғасады.