• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қаңтар, 2022

Алматыда қала маңы маршруттарының жұмыс уақыты өзгерді

447 рет
көрсетілді

Алматыда қала маңы маршруттарының жұмыс уақыты ұзартылды. Енді автобустар сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін қатынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматы облысында коменданттық сағаттың кешкі 23:00-ден таңғы 7:00-ге дейін өзгеруіне байланысты 13 қаңтардан бастап қала маңындағы маршруттар 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді», деп хабарлады қалалық көлік холдингінен.

Бұған дейін маршруттар 09:00-ден 18:00-ге дейін жүретін.