• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қаңтар, 2022

Қарағандыда есірткі сақтаудың тоғыз дерегі анықталды

183 рет
көрсетілді

Өткен тәулік ішінде Қарағанды облыстық ішкі істер органдарында 34 құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Төтенше жағдай режимі талаптарын бұзғаны үшін 680 әкімшілік хаттама толтырылып, 69 адам әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар 26 құқық бұзушыға айыппұл салынып, 525 тұлғаға ескерту берілді», деді Қарағанды облысының коменданты Ерлан Файзуллин.

Төтенше жағдай режимі кезінде полиция қызметкерлері 45 тиым салынған затты тәркіледі. Сондай-ақ, есірткі заттарын сақтаудың тоғыз дерегі анықталып, жойылды. Көші-қон заңнамаларын бұзған 6 шетелдік азамат анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.