Бүгін, 13 қаңтарда, қалалық әкімдік ғимаратын өрттен кейін тазарту жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әкімдіктің баспасөз қызметі мәліметінше, шамамен 660 адам жұмылдырылған, жақын арада тазарту жұмыстары аяқталады.
«Қираған жиһаз, техника, қоқыс жиналып, кәдеге жарату үшін полигондарға шығарылады. Тазалау қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жүргізіледі», делінген хабарламада.
Адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғимаратқа және іргелес аумаққа кіруге тыйым салынғаны айтылды.