UFC басшылығы нәтижесі көңіл көншітпейтін төрт бірдей спортшыны қатардан шығарып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлемдегі ең беделді жекпе-жек ұйымынан шеттетілгендердің қатарында отандасымыз Шавкат Рахмоновтан мерзімінен бұрын жеңілген бразилиялық спортшы Мишель Празерис те бар. Одан бөлек амкрикалық Маки Питоло, Джаред Гуден, Мэтт Сейлс UFC-мен қош айтысты. Алдағы уақытта олардың орнын жаңа спортшылар толықтырмақ.