Қазақстан Республикасында «омикрон» жаңа штамының таралуына, сондай-ақ КВИ сырқаттану жағдайларының көбеюіне байланысты коронавирус инфекциясына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тапсырмасы бойынша 2022 жылғы 14 қаңтардан бастап қосымша алдын алу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмыс және демалыс күндері сауда орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілеріне қоса, спорттық-сауықтыру және фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарға, бассейндерге, сауналарға, моншаларға кіру «жасыл» статустың (вакцинацияның болуы, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР-тесілеудің болуы, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар) болуымен жұмыс режимін шектеусіз жүргізіледі.
Қабылданған шаралар коронавирустың «омикрон» штамының жұғу жылдамдығының жоғары деңгейіне негізделген.Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны байқалады. Тек соңғы тәулікте республикада 9122 КВИ+ жағдайы тіркелді.