АҚШ-тың Дир Вэлли аймағында өтіп жатқан фристайл-акробатикадан Әлем кубогы кезеңі қазақстандық спортшылар үшін сәтті басталды.
Әйелдер арасындағы бәсекенің іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша, қазақстандық Ақмаржан Қалмұрзаева жақсы нәтиже көрсетіп, келесі кезеңде бақ сынайтын спортшылардың қатарына қосылды. Отандасымыз іріктеу кезеңінде 81,40 ұпай жинап, 12 үздік спортшының ішінде 10-орынға тұрақтады.
Сондай-ақ іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының өзге спортшылары, атап айтқанда, Аяна Жолдас 21-ші, Жанбота Алдабергенова 27-ші орыннан көрінді.