• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қаңтар, 2022

Павлодарда террористік қауіптің «сары» деңгейі жарияланды

274 рет
көрсетілді

Павлодар облысында 10 күнге террористік қауіптің «сары» деңгейі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚР Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» жарлығына сәйкес, Павлодар облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы басшысының шешімімен 13 қаңтардан бастап 10 тәулікке облыс аумағында террористік қауіптің «сары» деңгейі жарияланды», делінген өңірдің терроризмге қарсы күрес жөніндегі өңірлік жедел штабының хабарламасында.