• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қаңтар, 2022

ШҚО-да қар көшкіні жүруі мүмкін

528 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында 14-17 қаңтар аралығында қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыздар», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.