ҚР Премьер-Министрінің өкімімен Марат Бақытжанұлы Бекетаев ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Марат Бекетаев 2016 жылдан бастап Қазақстанның Әділет министрлігін басқарған. Сондай-ақ, әр жылдары Сыртқы істер министрлігінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде және Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген.