Коменданттық сағат кезінде атыраулықтар әуежайлар мен теміржол вокзалдарындағы жолаушыларды қарсы алып, шығарып сала алатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл үшін жолаушының жол жүру билеті (немесе билет суреті) және жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Шығарып салушының да өзімен бірге жеке куәлігі болуы міндетті.