• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қаңтар, 2022

Такси жүргізушісі тонаушыны ұстауға көмектесті

336 рет
көрсетілді

Алматыда такси жүргізушісі тонаушыны анықтауға көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласындағы Әуезов ауданының полиция қызметкерлері жаппай тәртіпсіздіктерге және басқа да заңсыз әрекеттерге белсенді қатысқан, сонымен қатар, ірі қару дүкенін тонап, одан 10 патроны бар BrowntnG мылтығын ұрлаған адамды анықтады.

«Қаскөй мылтықты бесінші ықшамаудандағы аулалардың бірінде орналасқан қоқыс жәшігіне тығып қоюды ұйғарған. Бірнеше күннен кейін күдікті таксиге отырып мылтық жасырылған жерге келген. Көлік жүргізушісі жолаушының теледидар жәшігіне жасырып қару алып жүргенін байқап, полицияға хабарлаған», деп жазды Алматы ПД баспасөз қызметі.

Тұтқындау кезінде И. есімді азамат әскери киімде болған. Оны қайдан алғанын тергеу анықтайтын болады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.