• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қаңтар, 2022

Ерлікпен қаза тапқан Сәндібек Қайыров «Айбын» орденімен наградталды

566 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары С.Ғ. Қайыров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Әскери борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) Сәндібек Ғалимоллаұлы Қайыров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм).

 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                        Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 14 қаңтар

                № 775