• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қаңтар, 2022

Ертең екі өңірде төтенше жағдай режимі алынады

587 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады, деп жазды Egemen.kz.

«Ақмола облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 737 Жарлығымен енгізілген Ақмола облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 15 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын», делінген Жарлықта. 

Сондай-ақ дәл осындай арнайы Жарлықпен Қостанай облысында да төтенше жағдай режимі тоқтайды. 

Бұл жарлықтар қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.