• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қаңтар, 2022

«Chevron» бас директоры компания қызметкерлеріне қолдау білдірді

423 рет
көрсетілді

«Chevron» компаниясының бас директоры Майкл Вирт Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған хатында қазақстандықтарға қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанның байырғы досы және серіктесі ретінде, біз «Chevron»-да өткен аптада болған оқиғаларға қайғырып, Сізге және Қазақстан халқына көңіл айтамыз. Біздің ойларымыз осы қиын-қыстау кезеңде Қазақстан халқымен бірге және біз Қазақстанға қазіргі қиыншылықтарды тезірек еңсеруге деген ізгі тілектерімізді жолдаймыз», деді ол.

Оның айтуынша, елдегі компания кәсіпорындарының персоналына ерекше көңіл бөлініп отыр.

«Қазақстандағы қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі мен амандығы басымдығымыз болып қалуда. Біз Теңізде тұрақты, қауіпсіз және сенімді жұмысты қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерімізді салуды жалғастырамыз және «Теңізшевройл» қызметкерлеріне өз ісіне адалдығы үшін алғысымызды білдіреміз», деді Майкл Вирт.

Хаттың көшірмесі Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшісі Ержан Ашықбаевтың Твиттердегі парақшасында жарияланды. Дипломат «Chevron» Бас директорына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, елдің үкіметі инвесторлардың Қазақстанның экономикалық тұрақтылығына деген сенімін сақтау үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайтынына сендірді.