Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жұмабай Ғаббасұлы Қарағаев Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жұмабай Қарағаев 1971 жылы Атырау облысында дүниеге келген. И. М. Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Әр жылдары Атырау және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар жеке компанияларды басқарды, Атырау облысы әкімдігінің құрылымында қызмет етті.
2019 жылғы желтоқсаннан бастап — Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі.