• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Үкімет 15 Қаңтар, 2022

Үкімет басшысы мен қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын «Қазақстан халқына» қорына аударды

224 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы 11 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Қазақстанның бірнеше қоғамдық ұйымы «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын (ҚӘҚ) құрды, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақстан халқына» ҚӘҚ денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарын әлеуметтік қолдау саласындағы нақты проблемаларды шешумен айналысатын болады.

Қордың қызметі қоғамды біріктіруге және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға ықпал етеді. Қор жеке және мемлекеттік көздерден қаржыландырылады, сонымен қатар халықаралық қайырымдылық ұйымдарының көмегін тарту жоспарда бар.

ҚР Үкіметінің басшысы Ә. Смайылов пен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын «Қазақстан халқына» қорына аударды.

Үкімет бизнес өкілдеріне, ең алдымен, ірі бизнес өкілдеріне әлеуметтік жауапкершілік танытып, Қорды қаржыландыруға көмек көрсетуге шақырады.