• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Қаңтар, 2022

Төтенше жағдай кезінде 225 адам қайтыс болған

914 рет
көрсетілді

Бас Прокуратура Төтенше жағдай кезінде қайтыс болғандардың жалпы санын атады, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.

«Адам шығыны болған оқиғаларды тергеп, тексеруге ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні 4578 жәбірленуші анықталды. Оның 4353-і жараланды. Оның ішінде 3393 құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Төтенше жағдай кезінде моргтерге қаза тапқан 225 адам жеткізілді», деді Бас прокуратура өкілі.