3 қаңтарда елімізді батысындағы шерулерді қолдау мақсатында Алматыда заңсыз жиындар өткен еді. Бұл күні әртүрлі алаңда жиналғандар арасында өрескел заңбұзушылық тіркелмеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаңтардың төрті күні «Алматы арена» мұз айдынында 2000-ға жуық наразылық білдіруші жиналған. Сондай-ақ Шығыс айналым жолының маңында бір топ адамдар заңсыз науқандар өткізген. Қаланың басқа бөліктерінде де 500-ден 2000-дейін адамдар жинала бастаған. Алматы қаласы ПД-ның хабарлауынша, олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
- Барлық жағдайда полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп сақтау, құқық сатқауды қамтамасыз етудің бұрын әзірленген алгоритмі бойынша жұмыс істеді және қарусыз болды. Рұсқылов, Саин, Шығыс айналым жолы, Төлеби көшелерінің бойында жолдарды жауып, көліктерді тоқтату әрекеті жасалды. Осы деректер бойынша полиция оқиға орнына барды. Әрине, әскери күштерді қаланың әртүрлі бөліктеріне жұмылдыруға әкеліп соқты. Шерушілердің санының артуына байланысты оларға лаңкестік, радикалды экстремистер қосылып, полицияға қарсы агрессивтік әрекеттерге бағыттап, әкімдік ғимаратын басып алуға шақырды. Барлық әрекеттер нақты ұйымдастырылған болды. Адамдар жиналған орынға таяқ, бита, брусчатка, тастар, бөтелкеге құйылған бензин және алькоголь түрлерін ұйымдастқан түрде әкелінді. Қала орталығында Төле би даңғылындағы тратуар тақталарын бөлшектей бастады. Осыған орай мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғау мақсатында жедел жоспар енгіздім. Дабыл бойынша гарнизонның барлық жеке құрамы көтерілді. Барлық жерге қосымша жасақтар мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері қойылды. Стратегиалық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын қорғау күшейтілді. Осы уақытта лаңкестер бір мезгілде қаланың әр жерінде патрульдік жасақтарға шабуылдай бастады. Лаңкестердің басқа топтары бір уақытта қару-жарақ дүкендерін басып алды. Олар сол жерден қару-жарақ пен оқ-дәрілерді иемденді. Бүгінгі таңда барлығы 1 347 қару ұрланған. Оның ішінде 501-і мылтық, 807-сі теріс ұңғылы және 39 газ-травматикалық қару. Осының барлығы нақты ұйымдастырылған. Олардың іс-әрекеті топ жетекшілерімен үйлестірілген, - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.