• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Қаңтар, 2022

Бейбіт митинг лаңкестікке қалай ұласты? ПД жауап берді

423 рет
көрсетілді

Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов лаңкестер бейбіт митингіге қай уақытта қосыла бастағанан айтты. деп хабарлайды Egemen.kz.

Лаңкестер бейбіт шерулерге 4 қаңтарда қосылғаны айтылды.

«Наразылық акциялары қаланың әртүрлі бөліктерінде бір уақытта өткізілгені бәрімізге аян. Қатысушылар саны тез өсе бастады. Рысқұлов, Саин көшелері, шығыс айналма жолы және Төле би көшелері бойынша жолдарды жабу және қозғалысты бұғаттау әрекеттері жасалды. Митингіге шыққандар санының артуына байланысты оларға террористер, радикалдар, экстремистер мен криминалитет қосылды, олар жиналғандарды билік пен полицияға қарсы агрессивті, зорлық әрекеттерге және әкімдік ғимаратын басып алуға шақырды. Жиын орындарына таяқтар, биталар, тастар, бөтелкелерге құйылған бензин мен алкоголь жеткізілді. Төле би көшесінде тротуар плиталары бөлшектеле бастады. Осыған байланысты мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғау мақсатында арнайы жедел жоспар енгіздім, дабыл бойынша гарнизонның барлық жеке құрамы көтерілді. Қала көшелерінде, саябақтарда, скверлерде полиция мен әскери қызметшілердің қосымша жасақтары қойылған», деді Қанат Таймерденов ОКҚ брифингінде.