Алматыға қазір кім көмек қолын созса да көптік етпейді. Қаланы қайта түлету үшін көрсетілетін кез келген көмек пен қолдау өте маңызды. Сбер тобы Алматыны қалпына келтіруге жарты млрд теңгеден астам қаржы бөлетінін мәлімдеді. Яғни қалаға көмек ретінде 550 млн теңге бөлді.
12 қаңтарда Алматыға су жаңа 10 реанимобиль сыйға берілді. Тәртіпсіздіктердің салдарынан бірнеше жедел жәрдем көлігінің жойылғанын ескерсек, бұл көліктер қалаға өте қажет. Заманауи реанимобильдер барлық қажетті медициналық құралдармен жабдықталған, атап айтқанда, дефибрилляторлар, жүрек қағысын тексеретін толық жүйе, пульсоксиметрлер, тасымалдауға қолайлы тыныс алу аппараттары, оттегі баллондары. Сондай-ақ аталған банк Ұлттық кітапхана мен мемлекеттік орталық мұражай ғимаратын күрделі жөндеу жүргізбек.
«Алматы қиын кезеңді басынан өткізіп жатыр. Қазіргі уақытта басты ортақ мақсатымыз – туған қаламыздың бұрынғы келбетін қайтару. Біз осы бір маңызды іске өз үлесімізді қосқымыз келеді. Алматы әкімдігіне алдыңғы қатарлы медициналық құралдармен жабдықталған 10 жедел жәрдем көлігін табыстаймыз. Сондай-ақ Ұлттық кітапхана мен Орталық мемлекеттік мұражайды өз күшімізбен қайта қалпына келтіреміз деп шештік. Біріге жұмылсақ, қираған нысандарды жылдам қалпына келтіріп қана қоймай, бұрынғыдан да күштірек боламыз деген сенімдемін», деді «Сбербанк» АҚ ЕБ басқарма төрағасы Елдар Теңізбаев.
Бүгінде Сбербанктің бөлімшелері мен банкоматтары еліміздің барлық аймағында штаттық тәртіпте жұмыс істейді. Несиелеуді қосқанда, клиенттерге барлық қызмет қолжетімді.
АЛМАТЫ